|
Caspionet үш тілде таралады:
қазақша: 00.00-03.00, 06.00-09.00, 12.00-15.00, 18.00-21.00;
орысша: 15.00-18.00, 21.00-24.00;
ағылшынша: 03.00-06.00, 09.00-12.00.
Туризм
Туризм Қазақстан ерекше табиғи мүмкіндіктер мен мәдени-тарихи нысандар мұрасына иелік етеді. Қазақстанның 14 облысының әр қайсысы қонақтарды көрікті көріністерімен, халқымыздың бай мәдениетінен хабардар ететін ежелгі ескерткіштерімен таңғалдыра алады. Туристер 700-ден астам бағыт-бағдарды таңдай алады. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс және орталық аймақтары туризмнің қолданыста бар – танымдық, ойын-сауықтық, этникалық, экологиялық, сауықтыру, балалар, спорттық, аңшылық, атты, шым-шытырық оқиғалы, тағы басқа да түрлерінің бәрін ұсынуға әзір. Оңтүстік Қазақстанға төрт облыс – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда кіреді. Аймақ батыста Арал теңізінен шығыста Жоңғар қақпасына дейін, солтүстікте Балқаш көлі мен Бетпақ даланың шөлді жазығынан, Қызылқұм шөл даласының солтүстік бөлігі мен Тянь-Шаннің батыс және солтүстік сілемдерін және Жоңғар Алатауын қоса алғанда, республиканың оңтүстік шекарасына дейінгі аумақты алып жатыр. Батыс Қазақстан – бұл екі құрлықтың тоғысқан жерінде орналасқан 4 облыс: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан. Осында планетаның ең төменгі екінші нүктесі – Қарақия ойпаты орналасқан. 2000 жыл бойы Маңғыстау жерінің аумағынан Ұлы Жібек Жолы кесіп өтті. Қазір енді бұл туристік қызықты бағыт-бағдарлардың бірі. Оған қоса, Батыс Қазақстан саяхатшыларды балық шаруашылығымен, аң-құсы мол саятшылыққа қолайлы жерлерімен, су спорты түрлерінің дамыған инфрақұрылымдарымен қуантады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары өз алдына Солтүстік Қазақстан аймағын құрайды. Ол Есіл, Тобыл және Обаған өзендері, сондай-ақ, көптеген көлдері емдік минералды тұздары және балшығымен әйгілі аумақты жерде орналасқан. Қарағанды облысы Орталық Қазақстан аймағына жатады. Әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі – Балқаш көлі мен керемет таулы-орманды Қарқаралы оазисі де осында орналасқан. Ұлытау таулары тау туризмінің түрлеріне әуестенушілердің ғана емес, жаратылысы бұзылмаған көркем табиғатты сүйетіндердің де көңілінен шығары сөзсіз. Аймақ сондай-ақ, Ұлы Жібек жолындағы сауда және мәдениет аясына кіреді. Шығыс Қазақстан Қытай, Моңғолия және Ресей мемлекеттерімен шекаралас орналасқан. Шығыс Қазақстан аумағының үлкен бөлігін Рудный, Оңтүстік Алтай, Қалба, Сауыр, Тарбағатай тау жоталары алып жатыр. Осынау табиғаты көрікті жерде қазақтың ұлы ағартушы-ақыны Абай Құнабайұлы мен атақты жазушы Мұхтар Әуезов өмірге келген.
Көргендер: 2895
Tағы оқыңыз:
|