Қаз
Caspionet үш тілде таралады:
қазақша: 00.00-03.00, 06.00-09.00, 12.00-15.00, 18.00-21.00;
орысша: 15.00-18.00, 21.00-24.00;
ағылшынша: 03.00-06.00, 09.00-12.00.
Жексенбілік бағдарламалар
Concert Hall
Concert Hall
Concert Hall – опералық орындаушылардың концерттерінен үзінділер, түсініктеме берілген сюжеттер көрсетіледі.
Folklore
Folklore
Бұл айдарда Қазақстан халқының шығармашылығын насихаттайтын фольклорлық ансамбльдердің орындаулары көрсетіледі.
Documentary
Documentary
Қазақстандық авторлар түсірген деректі фильмдер мен телебағдарламалар.
Бармысың, бауырым?
Бармысың, бауырым?
Iз-түзсіз жоғалып кеткендерді Қазақстан мен ТМД аумағында және шетелдерден іздеп, табылған адамдардың туған-туыстарымен кездестiретiн «Бармысың, бауырым?» циклдық телевизиялық бағдарламасы. «Бармысың, бауырым?» циклдық телевизиялық бағдарламасы «Хабар» арнасының эфиріне 2003 жылдың қазан айынан бастап шығады.
Айбын
Айбын
«Айбын» әскери-патриоттық бағдарламасының негізгі мақсаты - Қазақстан Қарулы күштерінің, мемлекеттік шекарашылары мен ішкі әскерлерінің әлеуетін паш ету.«Айбын» әскери-патриоттық бағдарламасы 2004 жылдың маусым айынан бастап «Хабар» телеарнасында көрсетіліп келеді. Бес жылдың ішінде эфирден қазақ тілінде 299 бағдарлама шыққан.
Бәрі есімде
Бәрі есімде
«Бәрі есімде» тележобасы жадымызда аңыз болып жүрген өнер иелері мен олардың туындылары және жеке өмірлеріне ілесе жүретін сырлы жұмбағын шешуге бағытталған. Ел арасында әр түрлі сипатта тарап жүрген әңгімелердің шынайы тұстарын ашып, ақиқатын айту – бағдарламаның басты міндеттерінің бірі.
Бағдаршам ойын-сауық бағдарламасы
Бағдаршам ойын-сауық бағдарламасы
Көптеген қандастарымызға қол жетпес арман көрінетін жұлдыздар әлемін бірге бағдарлауға шақырамыз! Айтыскер-ақын Ринат Заитов, танымал тележүргізуші Жұлдызбек Жұманбай мен актер Әсет Иманғалиұлы кез-келген әншінің өмірі мен шығармашылығын түрлі-түсті бағдаршам арқылы талқыға салады.
Әзіл Кеш
Әзіл Кеш
Әзілдің «ә» сін алсаң зіл болады. Зіл болса еңбек еш болмайды. Еңбек еш болмаса, ешкім бізге өш болмайды. Әзілге ертең өкпелесең кеш болады, осылайша жаңылтпаштар жалғасып келіп «Әзіл КЕШ» болады.
Сайтты құрастырушы