Қаз
Caspionet үш тілде таралады:
қазақша: 00.00-03.00, 06.00-09.00, 12.00-15.00, 18.00-21.00;
орысша: 15.00-18.00, 21.00-24.00;
ағылшынша: 03.00-06.00, 09.00-12.00.
спорт (04.02.2012)
|
Астанадағы бірқатар спорт нысандары бұқараға қолжетімді қызмет көрсетуді қолға алды

Елбасы Жолдауда бұқаралық спортты дамыту қажеттігін айтты. Оның ішінде спорттық кешендер қарапайым халық үшін қолжетімді болуы керек деді.

Қазір Астанадағы бірқатар спорт нысандары бұқараға қолжетімді қызмет көрсетуді қолға алды. Бүгінде Астанада 20-ға жуық ірі спорт нысандары бар. Барлығы заманауи талаптарға сай салынған. Негізі кәсіби спортшылардың жаттығу алаңдары. Қалың бұқара мұндай кешендерге енді-енді қол жеткізіп келеді. Себебі, әуесқойлар мен қарапайым тұрғындардың қалтасы көтермейді, - дейді жұртшылық.

Айболат ҚОЙШЫБАЙ, СТУДЕНТ:
- Негізі Астанада көптеген спорттық құрылыстар бар. Бірақ олар, әсіресе, қолжетімді емес. Бұқара халыққа қолжетімді немесе бағасы төмен, не болмаса ашық болса көптеген жастар спортқа келуші еді деп ойлаймын. Ол көптеген жақсы пайда әкелуші еді. Уақытты бос өткізбей, көптеген спорт түрлерімен шұғылданса, ол пайдалы болар еді.

Ардақ СӘУЛЕТ, ЖАС ФУТБОЛШЫ:
- Көбінесе жағдай жақсы бәрінің, бірақ бар ғой кейбір ауылдарда оларда футбол дамымаған, арасында мүмкін таланттар шығады ғой! Мен де мысалы өзім ауылдан шыққам, Қызылордадан.

Елбасы Жолдауда бұқаралық спортты дамыту қажеттігін айтты. Оның ішінде спорттық кешендер қарапайым халық үшін қолжетімді болуы керек деді.

Мәди ТӨЛЕУБАЕВ, МҰЗАЙДЫНЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Адамның бір күн келіп кетуіне 16 мың теңге кетеді. Енді Президенттің Жарлығы бойынша өте жақсы бағаға түсіріп, жақсы баға болып жатыр. Пенсионерлерге мысалы 500 теңге, студенттерге 700 теңге, балаларға 400 теңге болып жатыр.

Қалалық Туризм және дене шынықтыру басқармасы арнайы бағдарлама әзірлеу үстінде. Әсіресе, әуесқойларды спортқа баулу көзделіп отыр. Осыған орай күні кеше ғана «Жігер» спорт клубы құрылды. 19 спорт түрінен арнайы жаттығулар ұйымдастырылып, ай сайын жарыстар өткізілмек. Әуесқойлардың додасы басталып та кетті. Бүгін шайбалы хоккейден 10 құрама бас қосып, мықтыны анықтауға кірісті.

Сайранбек ӘБІЛҚАЙЫРОВ, СПОРТ КЛУБЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- «Жігер» спорт клубы ашылғалы мыңнан астам әуесқойлар жиналды. Солардың ішінде қазір ұлттық спорт түрлеріне өте қатты назар аударып жатырмыз. Жалпы кез-келген адамға мұндай спорт ғимараттарында айналысуға болады. Енді ол үшін біз жаңа бағдарлама кіргізгеннен кейін қазір қарастырып жатырмыз. Жаттықтырушылар штабын көбейтіп, әуесқойларды жинауға тырысамыз.

Қалада әуесқой футбол лигасы жұмыс істеп жатыр. Жақында хоккей лигасы ашылды. Ендігі кезекте, әуесқой волейболшылардың да бірлестігі құрылмақ.
 


Көргендер: 22
Соңғы жаңалықтар
21.05.2012 19:54 - Қазақ футболшысы «Челси» академиясына шақырылды
Лондонда тұратын қазақ баласы Дариус Нуритов британдық «Челси» жастар академиясына қабылдану мүмкін. Жеті жасар футболист жергілікті екі командасында ойнап, Қазақстан ұлттық құрамысында ойнауды армандайды.
21.05.2012 18:58 - Қостанайда қазақ күресінен Республикалық «Қазақстан барысы» белдесуіне іріктеу жарысы өтті
Облыстың таңдаулы деген 20 балуаны өзара күш сынасып, Астанадағы ақтық бәсекенің иегерін анықтады.
21.05.2012 18:57 - Еліміздің жасөспірімдер құрамасы Әзірбайжанда өтетін халықаралық турнирде ойнайды
Бас бапкер Павел Травник тізімін баяғыда жасап қойған. Ай сайын аяқдопшыларды бақылауы тиіс маман қазір елінде жүр.
21.05.2012 18:56 - Кеше футболдан Қазақстан премьер-лигасының 11-ші тур ойындары өтті
Топ бастаған Тобыл сырт алаңда 0:1 есебімен Тараздан ұтылып қалды.
19.05.2012 22:59 - Олимпиадалық күн атап өтілді
Олимпиадалық күн атап өтілді
«Олимпиадалық күн» деп бастау алған спорттық сайыстар қала тұрғындарымен әр түрлі сала қызметкерлерін бей жай қалдырмады.
19.05.2012 21:33 - Ұлыбританияға Олимпиада алауы жеткізілді
Ұлыбританияға Олимпиада алауы жеткізілді
Ұлыбританияның Корнуолл графтігіндегі корольдік әскери-теңіз флотының әуе-базасына Олимпиада алауын жеткізген ұшақ келіп қонды.
мұрағат
Әлеуметтік желілер
Сайтты құрастырушы