Қаз
Caspionet үш тілде таралады:
қазақша: 00.00-03.00, 06.00-09.00, 12.00-15.00, 18.00-21.00;
орысша: 15.00-18.00, 21.00-24.00;
ағылшынша: 03.00-06.00, 09.00-12.00.
спорт (03.02.2012)
|
Ақтөбеде бұқаралық спортты дамыту сәтті жүзеге асуда

Ақтөбе облысында жуырда ғана олимпиада резервін даярлау орталығынан көпшілікке қолжетімді болу үшін екі клуб ашылды.

Олардың бірі-ардагерлерге,екіншісі жеңіл атлетика, жүгірумен айналысатындарға арналған. Орталықта қазір спорттың 8 түрі бойынша тәулігіне 600 адам жаттығатын мүмкіндік бар. Бұл, Елбасының биылғы Жолдауында атап көрсетілген бұқаралық спортты дамыту мақсатында жасалып жатқан іс шаралар.
Айнұр Ескендірова- болашағынан үміт күттіретін жас спортшы, дейді бапкері. Оның ағасы да спортпен айналысады екен. Айнұр қазір жаңа ашылған орталыққа келіп,бокстың қыр-сырын меңгеріп жүр.

АЙНҰР ЕСКЕНДІРОВА, ЖАС СПОРТШЫ:
-Мында маған ұнайды. Александр Николаевич күшті, жақсы тренер. Мұнда мені тез үйретті бәріне.

Бұл орталықта мектеп оқушыларынан бастап ардагерлерге дейін қалаған спор түрімен тегін айналыса алады. Бокс, еркін күрес,футболдан кәсіби мамандар жаттықтырады. Заманауи спорттық қондырғылармен жабдықталған. Қонақ үй ғимараты да бар. Осы маңда тұратындар да спорттық секциялдарға қатысуға мүмкіндік бар.

АСХАТ ШАХАРОВ, ОЛИМПИАДА ІЗБАСАРЛАРЫН ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
-Елбасымыз соңғы Жолдауында мына спорт нысандар халыққа тегін болу керек деп айтылды. Сондықтан, қазіргі таңда осы орталықта біз екі клуб аштық. Соның ішінде біреуі-ардагерлердің клубы.

Бүгінде облыста 1500-ге тарта әр түрлі спорттық ғимарат бар. Оның 873-і ауылдарда ашылған. Шаңғы базалары, теннис корты, жүзу басссейндері бар. Облыс халқының 60 пайызға жуығы қалаға шоғырланған. Сондықтан, қалада спорт мектептерінің санын көбейту ,жаңа ғимараттар салу міндеті тұр, дейді спорт басқармасындағылар.

РАЙХАН ЖӘРДЕМОВА, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
-Спорт түрлерін әрі қарай насихаттау мақсатында,дамыту мақсатында,көрсету үшін біздің спорттық жетістіктерімізді, барлығымызды сондай ғимараттар керек деп ойлаймын.

Ақтөбе қаласының «Батыс-2» ықшам ауданында 50 метрлік жүзу бассейнінің құрылысы басталды. Сондай-ақ, «Авиатор» стадионын қайта жаңғырту мен мұз сарайын салу жоспарланған. Мұнымен қатар қалада биыл шағын 40 қа жуық спорт алаңдары мен аулалық клубтардың жұмысы жолға қойылмақ. Елбасының Жолдауындағы нақты міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жаңадан спорттық кешендер салу, олардың материалдық базасын нығайтуға ірі кәспорындар мен жеке кәсіпкерлер де ынталы.
 


Көргендер: 32
Соңғы жаңалықтар
21.05.2012 19:54 - Қазақ футболшысы «Челси» академиясына шақырылды
Лондонда тұратын қазақ баласы Дариус Нуритов британдық «Челси» жастар академиясына қабылдану мүмкін. Жеті жасар футболист жергілікті екі командасында ойнап, Қазақстан ұлттық құрамысында ойнауды армандайды.
21.05.2012 18:58 - Қостанайда қазақ күресінен Республикалық «Қазақстан барысы» белдесуіне іріктеу жарысы өтті
Облыстың таңдаулы деген 20 балуаны өзара күш сынасып, Астанадағы ақтық бәсекенің иегерін анықтады.
21.05.2012 18:57 - Еліміздің жасөспірімдер құрамасы Әзірбайжанда өтетін халықаралық турнирде ойнайды
Бас бапкер Павел Травник тізімін баяғыда жасап қойған. Ай сайын аяқдопшыларды бақылауы тиіс маман қазір елінде жүр.
21.05.2012 18:56 - Кеше футболдан Қазақстан премьер-лигасының 11-ші тур ойындары өтті
Топ бастаған Тобыл сырт алаңда 0:1 есебімен Тараздан ұтылып қалды.
19.05.2012 22:59 - Олимпиадалық күн атап өтілді
Олимпиадалық күн атап өтілді
«Олимпиадалық күн» деп бастау алған спорттық сайыстар қала тұрғындарымен әр түрлі сала қызметкерлерін бей жай қалдырмады.
19.05.2012 21:33 - Ұлыбританияға Олимпиада алауы жеткізілді
Ұлыбританияға Олимпиада алауы жеткізілді
Ұлыбританияның Корнуолл графтігіндегі корольдік әскери-теңіз флотының әуе-базасына Олимпиада алауын жеткізген ұшақ келіп қонды.
мұрағат
Әлеуметтік желілер
Сайтты құрастырушы