Қаз
Caspionet үш тілде таралады:
қазақша: 00.00-03.00, 06.00-09.00, 12.00-15.00, 18.00-21.00;
орысша: 15.00-18.00, 21.00-24.00;
ағылшынша: 03.00-06.00, 09.00-12.00.
Халқы
|
Қазақстанның тұрғын халқы

2010 жылдың 1-қаңтарында Қазақстанның тұрғын халқының ресми саны  16 597 638 миллион адам болды.  Тұрғындардың тығыздығы – 1  шаршы км-ге – 6 адамнан келеді.

Діні

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Конституция діни-сенім бостандығы құқына кепілдік береді. Басым дін – ислам діні. Қазақстан – көп конфессиялы ел, бұнда 40 конфессияға қарайтын 3 мыңдай діни бірлестік қызмет істеп жатыр.

Қазақстан халқының Ассамблеясы

 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, 1995 жылдың 1-наурызында Қазақстан халқының Ассамблеясы  Мемлекет Басшысы жанындағы  консультациялық-кеңесші орган ретінде құрылды. 

 Ассамблея құрамы  мемлекеттік органдар, этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ, қоғамда, қоғамдық-саяси ортада беделді, қоғамдық-саяси белсенділіктері ескерілетін басқа да  тұлғалар есебінен қалыптасады.  

Қазіргі кезде Ассамблеяның құрамында  350 мүше бар.

Ассамблея қызметі мынадай келесі  міндеттерді шешуге бағытталған:
- республикада ұлтаралық және дінаралық келісім мен қоғамда тұрақтылықты сақтауға атсалысу;
- Қазақстан аумағында тұратын  этностар өкілдері арасында достық қарым-қатынасты дамытатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар жасау; теңдік қағидатын сақтау негізінде олардың рухани-мәдени қайта жаңғыруына және дамуына үлес қосу;
- өркениет пен демократиялық нормаларға сүйеніп, азаматтардың  саяси мәдениетін қалыптастыру;
-  мемлекет жүргізетін ұлттық саясатта көпқырлы ұлттық мүдделердің ескерілуін қамтамасыз ету;
-  қоғамда туындайтын әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешу жолында мәміле іздестіру.

Ассамблея қызметі Қазақстан Республикасының ұлтаралық қарым-қатынастар проблемаларын тиімді шешуші ел ретінде халықаралық беделінің өсуіне де ықпал етеді.
Ассамблеяның қосқан үлесі жоғарғы деңгейде лайықты бағаланды. Біздің елге келген ресми сапарында БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан Қазақстанды әлемдегі басқа мемлекеттер үшін этникаралық келісімнің, тұрақтылықтың, бірқалыпты дамудың үлгісі деп атады.  Рим Папасы II Иоанн Павел де Қазақстанға келген кезінде Қазақстан халқы туралы жоғары пікір білдірді.  



Көргендер: 1538
Tағы оқыңыз:
Сайтты құрастырушы