|
Caspionet үш тілде таралады:
қазақша: 00.00-03.00, 06.00-09.00, 12.00-15.00, 18.00-21.00;
орысша: 15.00-18.00, 21.00-24.00;
ағылшынша: 03.00-06.00, 09.00-12.00.
ҚАЗАҚСТАН ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
География
Қазақстан Еуразия құрлығының нақ ортасында орналасқан. Бұл көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы және ТМД елдері ішінде екінші мемлекет. Қазақстан 5 мемлекетпен: Қытай, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Ресеймен шектеседі. Қазақстанда екі сағаттық белдеуі бар, климаты - күрт континенталды. Жер көлемі –2724900 шаршы км. Шекарасының ұзындығы – 12187 км.
2010 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанның тұрғылықты халқының ресми саны 16 597 638 миллион адам болды.
Қазақстан – зайырлы мемлекет. Конституция діни-сенім еркіндігі құқына кепілдік береді. Негізгі діні – ислам. Қазақстан – көп конфессиялы ел, мұнда 40 конфессияға кіретін 3 мыңнан астам діни бірлестіктер бар.
Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қазақ тілімен қатар, орыс тілі де ресми қолданыста.
Қазақстанда 14 облыс, 175 аудан, 7 мыңнан астам ауылдық елдімекендер, 84 қала бар, 2 қала республикалық мәртебеге ие.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Елдің географиялық ортасында, Еуропа мен Азия аралығындағы негізгі көлік жолдары торабында орналасқан. Мұнда жоғарғы билік пен басқару органдары: мемлекет басшысының Резиденциясы, Парламент, орталық министрліктер мен ведомстволар, Жоғарғы және Конституциялық Соттар шоғырланған. Барлық негізгі мемлекеттік іс-шаралар Астанада өтеді.
Қазақстан – президенттік басқару нысанындағы конституциялық республика.
106 мемлекетпен елшілік қарым-қатынас орныққан. Республикада 60-тан астам елшілік, шетелдік миссиялар, халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істейді. Қазақстан БҰҰ, ЕҚЫҰ, СВМДА, ШОС, НАТО/СЕАП, ТМД, ОДКБ, ЕврАзЭС, ЕЭП, ТҮРКСОЙ,ОИК, т.б. сияқты 60-тан астам халықаралық бірлестіктердің мүшесі.
Қазақстан қаражат жүйесінің басында Ұлттық банк тұрады. Қаражат бақылау агенттігіне қадағалау және превентив өкілеттілігі берілген. Қор жинақтау нарығы табысты дамуда. Қазақстанның ақша бірлігі – теңге.
Қазақстан қойнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы табылған, соның 60-ы өндірісте. Қазақстан көмірсутегін өндіру көлемі жөнінен әлемде 5 орында. Мұнай қоры соңғы геологиялық барлау мәліметтері бойынша 2 млрд тоннадан астам. Табиғи газдың қоры – 2,5 триллион кубометр.
Республиканың көлік қатынас кешеніне теміржол, әуе жолы, теңіз жолы, өзен жолы, құбыр тасымалы, автомобиль жолдарының жүйесі кіреді. Жүктердің үлкен бөлігі теміржол қатынас көлігі арқылы тасымалданады.
Қазақстан Конституциясы азаматтардың денсаулығын қорғау және тегін кепілді медициналық көмек алу құқына кепілдік береді. Халықтың денсаулығы туралы Кодекс қабылданды. Ұлттың денсаулығы – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі.
Елде орта білім беру міндетті және тегін. Республикада мемлекеттік және жекеменшік гимназиялар, лицейлер, колледждер ашылған. Жоғары оқу орындарында мамандар дайындау үш сатылы: бакалавр-магистр-доктор Phd жүйесімен жүруде.
Нанотехнологиялар мен жаңа материалдар, биотехнологиялар, көмірсутегі және тау-кен металлургия секторы үшін сарқылмайтын энергетика технологиялары, ядролық, ақпараттық және ғарыштық технологиялар. Бұл басты бағыттар – Қазақстан ғылымын дамыту үшін Үкімет белгілеген басымдықтар. Елдің ғылыми бағдарламасының негізгі міндеті – экономиканы дамытуға қажет білімді инновацияға трансформациялау.
Ғарышты игеру Қазақстан дамуында стратегиялық маңызға ие, және ол республиканы әлемдік ғарыш державалары қатарына кіргізетін негізгі қорлардың бірі боп есептеледі. Ел аумағында Еуразиядағы ең ірі ғарыш айлағы – Байқоңыр орналасқан. Ондаған жылдар бойы ол әлемдік ғарыш инфрақұрылымында көшбасшылық орынды ұстап тұр, және ең жетекші ұшыру алаңы боп қалуда.
Қазақстанда 50-ден астам театр, 90 концерттік ұйымдар бар. 3,5 мыңнан астам кітапханалар. 185 тарихи, көркемөнер және әдеби мұражайлар. Республикада өте үлкен музыка, театр және кино фестивальдері үнемі өтеді. Опера және балет орындаушыларының, музыканттардың есімдері халықаралық деңгейде белгілі.
Спортты дамыту – Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы басым бағыттардың бірі. Отандық спортшылар халықаралық өте үлкен жарыстарға, құрлықтық және әлемдік деңгейдегі чемпионаттар мен Олимпиадаларға қатысады. Елде жаңа спорттық ғимараттар құрылысы жүріп жатыр және ескілері қайта жөндеуден өтуде. Қарқынды түрде жас атлеттер дайындалып, спорттық резервтер қалыптастырылуда.
Қазақстан тамаша табиғи мүмкіндіктер мен мәдени-тарихи мұра нысандарына иелік етеді. Туристер үшін бүкіл ел аумағына 700-ден астам саяхаттық бағдар жасалды. Көргендер: 6216
Tағы оқыңыз:
|