Қаз
Caspionet үш тілде таралады:
қазақша: 00.00-03.00, 06.00-09.00, 12.00-15.00, 18.00-21.00;
орысша: 15.00-18.00, 21.00-24.00;
ағылшынша: 03.00-06.00, 09.00-12.00.
жаңалықтар (04.02.2012)
|
Қостанайлық тәртіп сақшылары аттестацияға дайын

Құқық қорғау және арнайы органдардың кадрлық сапасын жетілдіру Елбасы Жолдауында айтылған негізгі міндеттердің бірі. Яғни, әр қызметкердің кәсіби біліктілігі, дене күш, моральдық-психологиялық дайындығы жан-жақты сараланатын болады.

Тәртіп сақшыларын техникалық жағынан жарақтандыру да басым бағыт. Мұның бәрі қылмысқа қарсы күресті жаңа денгейге көтерері анық,-дейді қостанайлық құқық қорғаушылар. Мейрамхана алдындағы жастардың төбелесі, автокөлікті ұрлап, айдап әкетпек болған адамның әрекеті бейне бақылау камералары арқылы полиция қызметкерлерінің көз алдында жүріп жатты. Сондықтан, құқық бұзушылар лезде қолға түсті. Күніне Қостанайдағы жедел басқару орталығы осындай 70-ге жуық оқиға тіркейді екен. Көшедегі бейне камералардың арқасында былтыр 119 қылмыстың ізі суымай ашылған. Енді қаладағы жекелеген аулаларды да бейне бақылаумен қамту жоспарланып отыр.

Мұратбек СЕЙІТҚҰЛОВ, ОІІД ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Биылғы жылы жоспарымызда бар, 60 аула қауіпсіздігіне қойылады. Көбінесе қылмыстар болатын біздің мынау микрорайындарымызда, мөлтекаудандарымызда, одан кейін көп қабатты үйлердің алдына камераларды қойып. Өте бұл өзімізге, елімізге, болашағымызға пайдасы көп.

Қостанайлық тәртіп сақшылары аттестацияға дайын екендіктерін айтады. Өйткені, мұнда қызметкерлердің кәсіби-іскерлік және психологиялық-моральдық қарым-қабілеттері үнемі назарда.

Абылай ЛАТЫПОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Өзіміздің арамыздағы тәртіпсіз қызметкерлерден арылу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Қатаң принципті ұстанамыз бұл жөнінен. Былтырғы жылы 24 қылмыстық іс қозғалды, соның алтауын өзіміз қозғадық. 44 қызметкер теріс қылықтары үшін ішкі істер органдарынан шығарылды.

Елбасының Еуразиялық полиция құру туралы ұсынысы Ресейдің 3 облысымен шектесетін Қостанай облысы үшін аса маңызды. Бұл шекаралас жатқан өңірлерде қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізуге мүмкіндік береді, - дейді тәртіп сақшылары.
 


Көргендер: 17
Соңғы жаңалықтар
21.05.2012 19:51 - Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік компания басшыларын қабылдады
Бүгін Ақ Ордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Женерал Электрик Транспорейшн» компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Лорензо Симонеллиді қабылдады.
21.05.2012 19:48 - Мәжіліс және Сенат депутаттары «Қазақтелеком» АҚ жұмысымен танысты
Бүгін бір топ Мәжіліс және Сенат депутаттары «Қазақстелеком» АҚ кеңсесінде болып, жұмыс барысын бақылады.
21.05.2012 19:17 - Санитарлық авиациялық үйлестіру орталығы дер кезінде көмек көрсетеді
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, халықтың денсаулығын нығайту бағытында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда.
21.05.2012 19:14 - 4 маусым- мемлекеттік рәміздер күні
Егемен ел болып, еңсе тіктегенімізге биыл 20 жыл толды.
21.05.2012 19:10 - Ермахан Ыбырайымов соғыста қаза болған атасының зиратын тапты
Беларусь елінде олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың екінші дүние жүзілік соғыста қаза болған атасының зираты табылды.
21.05.2012 19:04 - Санкт-Петербор қаласы Достастық елдері парламенттері жетекшілерінің бас қосқан алаңына айналды
Нева жағалауындағы қалада ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, Еуразиялық Экономикалық қауымдастығы және Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының ПА шеңберінде мемлекеттердің өзара қарым-қатынасындағы ең маңызды мәселелері талқыға салынды.
мұрағат
Әлеуметтік желілер
Сайтты құрастырушы