|
Caspionet үш тілде таралады:
қазақша: 00.00-03.00, 06.00-09.00, 12.00-15.00, 18.00-21.00;
орысша: 15.00-18.00, 21.00-24.00;
ағылшынша: 03.00-06.00, 09.00-12.00.
Әзіл Кеш
Әзілдің «ә» сін алсаң зіл болады. Зіл болса еңбек еш болмайды. Еңбек еш болмаса, ешкім бізге өш болмайды. Әзілге ертең өкпелесең кеш болады, осылайша жаңылтпаштар жалғасып келіп «Әзіл КЕШ» болады. Жаңылтпаш деп отырғаным «Әзіл КЕШ» тің астары. Бұл әзілдің кеші емес, болмаса әзілкеш емес, әзілдің айбарын, қалжыңның қайнарын, шалдың кемпірін, кемпірдің төркінін, әйелдің күйеуін, күйеудің сүйеуін, бастықтың бармағын, бармағының салмағын, қойшы әйтеуір әзілге ілініп кеткен әңгіменің бәрін «Әзіл КЕШ» тен көресіз. Жаңа бағдарламаның басты ерекшелігі осыдан біраз жыл бұрын сатираның сахнасында өнер көрсеткен «Тамаша», одан қала берді, ілгерінді-кейінді құрылған әзіл-сықақ театрларының әзілдерін және сол әзілдерді жасаған, образдар сомдаған әзілкештердің өткен өмірі жайлы да сағынышты әзіл әңгіме болады. Өткен күннің әзілімен бүгінгі күннің әзілінің арасындағы «бойы жетсе де, ойы жетпейтін» тұстары талқыға түседі. Күлу оңай, күле білу қиын. Күлдіру оңай, күлдіре білу өнер. Ал, күлкіге қалу өлім. Бағдарлама жеңіл күлкі емес, ойлы әңгімеге де арқау болады. Ендеше, қапы қалмаңыздар, сенбі күндері 17.15-те «Әзіл КЕШ» бағдарламасын тамашалаңыздар!
Шығармашылық топ: Байланыс телефоны:270-01-56, 270-01-38 Бағдарламаны дайындаған «Хабар» агенттігі. |