Қаз
Caspionet үш тілде таралады:
қазақша: 00.00-03.00, 06.00-09.00, 12.00-15.00, 18.00-21.00;
орысша: 15.00-18.00, 21.00-24.00;
ағылшынша: 03.00-06.00, 09.00-12.00.
Әкімшілік бөлімі
|
Қазақстанның әкімшілік бөлінісі

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық жүйесі 14 облыс, республикалық маңызы бар 2 қала, 175 әкімшілік аудан, 84 қала, 35 кент және 7031 ауылдық елді мекендерден тұрады.

Республиканың батысында Ақтөбе, Атырау, Батыс-Қазақстан және Маңғыстау облыстары орналасқан.
Солтүстігінде – Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары.
Оңтүстігінде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары бар.Шығыста – Шығыс Қазақстан облысы.Республика аумағының орталық бөлігін ең ірі облыстардың бірі – Қарағанды облысы алып жатыр.

Астана қаласы
Қазақстан Республикасының астанасы
Жер көлемі: 252 мың км²
Тұрғындары: 705 897 адам

Алматы қаласы
Қазақстанның ең ірі қаласы
Жер көлемі: 325 мың км²
Тұрғындары: 1 419 645 адам

Ақмола облысы
Әкімшілік орталығы: Көкшетау қ.
Жер көлемі: 146,2 мың км²
Тұрғындары: 737 057 адам

Ақтөбе облысы
Әкімшілік орталығы: Ақтөбе қ.
Жер көлемі: 300,6 мың км²
Тұрғындары: 722 851 адам

Алматы облысы

Әкімшілік орталығы : Талдықорған қ.
Жер көлемі: 223,9 мың км²
Тұрғындары: 1 707 331 адам

Атырау облысы
Әкімшілік орталығы: Атырау қ.
Жер көлемі: 118,6 мың км²
Тұрғындары: 518 869 адам

Шығыс Қазақстан облысы

Әкімшілік орталығы: Өскемен қ.
Жер көлемі : 283,3 мың км²
Тұрғындары: 1 419 47 адам

Жамбыл облысы

Әкімшілік орталығы: Тараз қ.
Жер көлемі : 144,2 мың км²
Тұрғындары: 1 049 837 адам

Батыс Қазақстан облысы
Әкімшілік орталығы: Орал қ.
Жер көлемі: 151,3 мың км²
Тұрғындары : 626 801 адам

Қарағанды облысы

Әкімшілік орталығы: Қарағанды қ.
Жер көлемі: 428,0 мың км²
Тұрғындары: 1 354 603 адам

Қостанай облысы

Әкімшілік орталығы: Қостанай қ.
Жер көлемі : 196,0 мың км²
Тұрғындары : 885 521 адам

Қызылорда облысы
Әкімшілік орталығы: Қызылорда қ.
Жер көлемі : 226,0 мың км²
Тұрғындары : 696 163 адам

Маңғыстау облысы

Әкімшілік орталығы: Ақтау қ.
Жер көлемі : 166,0 мың км²
Тұрғындары: 456 068 адам

Павлодар облысы

Әкімшілік орталығы: Павлодар қ.
Жер көлемі : 124,8 мың км²
Тұрғындары: 751 705 адам

Солтүстік Қазақстан облысы
Әкімшілік орталығы: Петропавл қ.
Жер көлемі : 123,2 мың км²
Тұрғындары: 641 729 адам

Оңтүстік Қазақстан облысы

Әкімшілік орталығы: Шымкент қ.
Жер көлемі: 117,3 мың км²
Тұрғындары: 2 455 3611 адам



Көргендер: 1656
Tағы оқыңыз:
Сайтты құрастырушы