|
Caspionet үш тілде таралады:
қазақша: 00.00-03.00, 06.00-09.00, 12.00-15.00, 18.00-21.00;
орысша: 15.00-18.00, 21.00-24.00;
ағылшынша: 03.00-06.00, 09.00-12.00.
CASPIONET – Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық ғарыштық арнасы
CASPIONET – Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық ғарыштық арнасы. Ол «Хабар» агенттігі» АҚ құрамына енеді. Арна өз жұмысын 2002 жылы 25 қазанда бастаған. CASPIONET-ті Еуропа, Солтүстік Америка, Орталық Азия, Кавказ сырты, Таяу Шығыс және Африканың солтүстік бөлігіндегі елдер қарай алады. Арнаның көрсетілімдерін 253 миллиондай адам тамашалайды. CASPIONET тәулік бойы хабар таратады. Барлық бағдарламалар үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылады. CASPIONET арнасының мақсаты – шетелдегі Қазақстандық қандастарымыз бен шетел көрермендерін Қазақстан туралы мейлінше толық хабардар ету. Жұмыс күндері бағдарлама 3-сағаттық тілдік блогтық жүйемен жұмыс жасайды,әр қайсысының құрамына: жаңалықтар,бизнес жаңалықтар,спорт,ауа райы және тақырыптық журналдар мен мәнді бағдарламалар. Жексенбі күндері: классикалық және қазіргі көркем фильмдерді көрсету;отандық деректі фильмдердің жауһар туындылары;қазақстандық сериалдар;бірегей театрлық қойылымдар;классикалық, фольклорлық және эстрадалық музыка шеберлерінің концерттері; «Хабар», «Ел арна», «Қазақстан» телеарналарының үздік бағдарламалары таратылады.
|