Өткен уақыт шежіресі кинотаспалар көріністерінде. Қазақстанның өткені – өз уақытындағы айтулы күндер, дәйекті деректер арқылы. Қазақстанның 1920-1980 жылдар аралығынан, тіпті мемлекеттік тәуелсіздігін алған кезге дейінгі барлық саладағы өсуі мен дамуын көрсететін, мемлекеттік және қоғамдық мәні бар қызықты деректер бейнеленген сюжеттер.
Шет елде тұратын қазақ бауырларымыздың өмірі мен тыныс-тіршілігі «Ағайын» бағдарламасына арқауы болмақ. Сыртта жүрген қандастарымыз қазақтың салт-дәстүрін, ана тілін көздің қарашығындай сақтап, өздері өмір сүріп жатқан мемлекетте «қазақ» деген елге кір келтірмей тату-тәтті өмір сүруде.